Азаматтық қорғау жоғары колледжінде 1-курс 100- топ студенттерінің ата-аналарымен алғашқы жиналыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды студенттердің оқу үдерісімен, тәртібімен және жалпы жүріс-тұрысымен таныстыру, олардың колледждегі білім алу шарттары туралы ақпарат беру болды.
Жиналыс барысында оқушылардың тәртібі, үлгерімі және жүріс-тұрысы жайлы маңызды мәселелер талқыланды. Колледж әкімшілігі ата-аналарға балалардың оқу үлгерімін бақылау, олардың қоғамдағы мінез-құлықтары мен тәртіптері туралы жүйелі ақпарат алудың маңыздылығын түсіндірді.
Әсіресе, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – *буллинг пен кибербуллинг*суицид тақырыптары кеңінен талқыланды. Қазіргі қоғамда жиі кездесетін бұл құбылыстардың оқушылар арасында таралуы ата-аналар мен оқытушыларды алаңдатып отыр. Жиналыс барысында буллинг пен кибербуллингтің зиянды әсерлері, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ оларды болдырмау үшін ата-аналар мен колледж ұжымының бірлесіп жұмыс жасауы қажеттігі айтылды.
Ата-аналарға интернетте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың желідегі әрекеттерін қадағалау және түсіндіру жұмыстарының маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, колледж әкімшілігі буллинг жағдайлары анықталған кезде жедел түрде шара қолданатынын, мұндай жағдайларды алдын алу үшін арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.
Жиналыс қорытындысында ата-аналар мен педагогтар арасында тығыз байланыс орнатудың қажеттігі және оқушылардың қауіпсіз, жағымды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бірлескен әрекеттер талқыланды.