8 (7222) 35-29-27

071410, РК, ВКО, г. Семей, ул. Пожарная, 40

Меню
Мы в instagram
Наш youtube канал
Мы в facebook

Есть вопросы?
Напишите нам в WhatsApp!

Написать

Азаматтық қорғау жоғарғы колледжінде "Бала қауіпсіздігі басты назарда" атты ата-аналарға арналған жиналыс  балалар психологиясы мен  суицидтің алдын алу бойынша өзекті  мәселелерге арналды.

#Біртұтас_тәрбие_ Абай- облысы_ВКГЗ#

Жиналыс барысында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желілердің болашақ ұрпақ санасына тигізетін зияны кеңінен талқыланды. Әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізу жасөспірімдердің эмоционалдық күйзелісіне, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және жалған идеалдарға ұмтылуына әкеліп соғуы мүмкін. Осы орайда, оқытушылар мен психологтар балаларды желіде кездейсоқ қауіптерден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңестер берді. Олар ата-аналарға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, балалардың әлеуметтік желілерде қандай контентпен бөлісетінін және қандай топтар мен тұлғаларға жазылатынын үнемі бақылап отыруды ұсынды.
Сонымен қатар, жиналыс барысында суицидтің алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік ойлар мен әрекеттердің көбінесе психологиялық қысым, буллинг, интернет арқылы жағымсыз әсерлерге тап болуынан туындайтыны айтылды. Топ кураторлары  ата-аналарға балаларының көңіл-күйі мен мінез-құлқын мұқият бақылап, олармен ашық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарудың қажеттілігін түсіндіру. Бұл шара ата-аналар мен оқытушылар қауымдастығының баланың психологиялық және физикалық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі бірлескен жұмысының маңыздылығын айқындап берді.
Қорыта келгенде, "Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбындағы жиналыс ата-аналарға балаларды интернеттің зиянды әсерлерінен қорғаудың негізгі қадамдарын және суицидтің алдын алу шараларын түсіндіре отырып, болашақ ұрпақтың салауатты дамуына септігін тигізуге бағытталды.

25
8 (7222) 35-29-27
071410, РК, ВКО
г. Семей, ул. Пожарная, 40

Подать заявку