Қазіргі заманда кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес. Бағыты да, мақсаты да өзгерген. Естияр баладан еңкейген қарияға дейін кітапханадан өзіне керек дүниені ала алады.
"Оқуға құштар ұлт, оқуға құштар оқушы" жобасы бойынша 100-топ студенттері топ жетекшісімен қаламыздағы 12-кітапханаға жалпы танысу мақсатында барған еді. Кітапхана қызметкерлері әдебиеттанушы, ақын, алаштанушы Сейітмұхамет Тәбәрікұлының 95 жылдық мерейтойына және 1-наурыз "Алғыс айту" күніне байланысты мәліметтер берді. Оқушылар да кітап, кітапхана, қазақ тарихы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Кітапхана қызметкерлерімен бірге алғыс туралы хормен ән шырқап, кездесу қызықты өтті. Алдағы уақытта кітапхана мен студент арасындағы байланыс жалғасын таппақ.