Білім беру мекемелерінің алдында тұрған көп міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады. Сондықтан біздің міндетіміз - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, бала бойындағы қасиеттерін дамыту.
Осы мақсатта 16- қыркүйекте колледж студенттері мен оқытушылары "Денсаулық фестивалін" өткізіп, спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырды. Студенттер асқан белсенділік танытып, шеберліктерін шыңдай түсті. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, фестиваль жоғарғы деңгейде өтті