Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды оқу орнына бергеннен бастап, студентте үш жақты орта қалыптасады. Ол - колледж. Ол - қоғам. Ол - ата-ана, жанұясы. Ата-анамен байланыс орнату, студенттердің үлгерімі мен тəртібін ата – аналарына хабардар ету білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы болып табылады.
Осы ретте Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі оқытушысы, топ жетекшісі Ж.С. Рахимбаеваның ұйымдастыруымен «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша оқитын І курс, 100 топ студенттерінің ата-аналарымен жиналыс болып өтті. Жиналысқа ата-аналар және пән мұғалімдері қатысты. Жиналыстың күн тəртібінде бірнеше мəселе қаралды.
1. Студенттердің оқу үлгерімі
2. Тəртіп пен тəрбие жұмыстары.
Жиналыс барысында ата-аналарға студенттердің білім деңгейі мен тəртібі, алдағы атқарылар жұмыстар жүйесі қаралды. Ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ мамандар даярлауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында топ жетекшісі бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.