8 (7222) 35-29-27

071410, ҚР, ШҚО, Семей қ. От, 40

Меню
Біз инстаграмдамыз
Біздің youtube канал
Біз facebook

Сұрақтар бар?
Бізге WhatsApp арқылы жазыңыз!

Хабарлама жазыңыз

Физика – математика пәндер апталығы 2018 жылдың 22-26 қазан аралығында колледжымызда

Физика – математика пәндер апталығы
2018 жылдың 22-26 қазан аралығында колледжымызда 
«XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» тақырыбындағы 
физика және математика пәндері апталығы болып өтті.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы пәндер-физика және математикаға бағытталған. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да, барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.

Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күнінде нақты бірнеше жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Атап айтсам: математика пәнінің оқытушысы Кусманова Назигул Турлыхановнаның 103 топта өткізген «Решение тригонометрических уравнений» атты ашық сабағы және 100, 101 топтарда өткізген «Математикалық жәрмеңке», 102, 103 топтарда өткізген «Математическая ярмарка» сыныптан тыс ашық сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Ал математика пәнінің жас оқытушысы Бикенова Мөлдір Талғатқызы 100 топта «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» сабағын, «ФМИ ұшағы-білім кеңістігінде» атты сыныптан тыс сабағын өткізді. Физика пәнінің оқытушысы Рахимбаева Жұлдыз Сарқытханқызының 100 топта өткізген «МКТ-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері» атты ашық сабағы, 101 топта өткізген «Физика патшалығында», 100 топта өткізген «Оптика құпиясы» атты сыныптан тыс ашық сабақтары, «Инерцияны айыптау» атты физика үйірмесінің сот-процесі сабағы, физика пәнінен «Физика біздің айналамызда» тақырыбына ұйымдастырған студенттердің ғылыми конференциясы шығармашылық ізденістің, физика пәнінің қыры мен сырын ашып, оның басқа ғылымдармен байланысын жан-жақты көрсете білуі, оқытудың әдіс-тәсілдерін жоғары дәрежеде меңгергендігінің айқын дәлелі екендігін көрсетті. Физикадан өткен студенттердің ғылыми конференциясы студенттің ізденісін ұйымдастыра білудің жолдарын көрсете білген нағыз шеберлік іс-шарасы болды.

metodicheskaya-kopilka-7
Директордың блогы
Хабарлама жазыңыз
8 (7222) 35-29-27
071410, ҚР, ШҚО
Семей қ. От, 40

Тапсырыс беру